Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімінің 40% құрайды- Қ.Келімбетов

«Самұрық-Қазына» жалпы ішкі өнімінің 40% құрайды- Қ.Келімбетов

Астана. 30 қараша. 7kun.kz - 2017 жылғы 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда жаңа жоғары технологиялық биржа іске қосылады. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының төрағасы Қайрат Келімбетов «ASTEX Astana Smart City 2016» халықаралық форум-көрмесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Стратегия - 2050 сайты.

«2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап бізде жаңа жоғары технологиялық биржа іске қосылады. Біз Astana Innovation, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, белгілі бір тұғырнамаларды жаңа «Блокчейн» тәсілдерімен әзірлейміз. Тағы бір айта кететін маңызды жайт, осы биржада «Самұрық-Қазына» компаниясының жекешелендіруі өтеді. Ал «Самұрық-Қазына» компаниясы – бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 40 пайызға жуығын құрайды. Келесі жылы жаңа тәуелсіз қаржы соты, жаңа арбитражды орталық құрылады. Осының барлығы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап толық жұмыс істей бастайды», - деп хабарлады Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ АХҚО басқарушысы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап халықаралық қаржы орталығының қатысушылары үшін компанияларды тіркеу ашылатынын атап өтті.

«Олар жеңілдіктерге ие болады, ол оңайлатылған және визалық, еңбек режимі, 50 жылға салықтан босату, егер олар бейінді қызмет түрлерімен айналысса – ол капиталдар нарығы, активтерді басқару, жаңа қаржы технологиялары», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.

Похожие материалы