Экономика
"Самұрық-Қазына" үш әуежайды «Airport Management Group» басқаруына береді
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) екі ай ішінде 3 әуежайды «Airport Management Group» ЖШС-нің басқаруына беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы басқарманың хабарламасына сілтеме жасап, Казинформ хабарлайды.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ға тиесілі үш әуежайдың акция пакеттерін (Атырау, Ақтөбе, Павлодар) қазан-қараша айларында беруді жоспарлап отырмыз. Ал Өскемен, Семей әуежайларының акцияларын беру 2018 жылы реттеледі », - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Airport Management Group» ЖШС 2013 жылы құрылған. «Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ құрылымы бойынша мемлекеттік әуежайлар желісін басқаратын компания ретінда танылған. Airport Management Group ұзақ мерзімді 7 жылдық қызмет келісім-шартымен «Zurich Airport International AG» шведцариялық компаниясын стратегиялық серіктес болуға шақырды.
Мемлекеттік әуежайларды басқарушы компанияның мақсаты - әлемдік тәжірибелерді, стандарттарды, технологияларды трансферттеу, трафикті көтеру, қаржылық жағдай мен сервис қызметін жақсарту, ИКАО халықаралық стандартына сай бағдарламаны бақылау сапасы арқылы авиациялық басқару жүйесі және ұшу қауіпсіздігін реттеу, инфрақұрылымды дамыту.
2014 жылдың қыркүйек айында Астана, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда қала әуежайларының мемлекеттік акция пакеттері AMG басқармасының сеніміне берілген болатын. Сондай-ақ, басқарушы компанияның қоржынындағы 11 әуежайды нығайту көзделіп отыр.