Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung iPhone үшін чип дайындайды

Samsung iPhone үшін чип дайындайды

Оңтүсті кореялық Samsung Electronics iPhone-нің келесі моделіндегі А9 процессоры үшін негізгі микросхема жеткізу туралы тендерді жеңіп алды. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Өткен жылы iPhone мен iPad үшін чип жеткізу мүмкіндігі Taiwan Semiconductor Manufacturing Co. (TSMC) компаниясына берілгенімен, бұл жолы Samsung өзінің қызметін сақтап қалды. Өндіріс жақын уақытта Сеулдің оңтүстігінен 40 шақырым жерде орналасқан Йонъин қаласындағы зауытта басталады. Микросхема жеткізудегі қосымша тапсырысты Samsung-тың әріптесі Globalfoundries Inc. компаниясы орындайды.
Сарапшылардың пікірінше, iPhone-нің құрылғыларын жеткізу және өзінің смартфондарын шығару арқылы осы жылы оңтүстік кореялық алпауыттың интегралды жүйелерді өндіру бөлімшесі 1 трлн вон (914 млн доллар) табыс түсірмек. Осыған дейін  Samsung Galaxy S6 үшін Qualcomm-ның Snapdragon чиптерін орналастырғысы келгенімен кейінірек өзі құрастырып шығарған Exynos-ті пайдалануды жөн көрді.
 

Похожие материалы