Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung майнинг үшін чип жасайды

Samsung майнинг үшін чип жасайды

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы биткоин және басқа да криптовалюталардың майнингіне арналған құрылғының өндірісіне кірісті, деп жазады CCN.

Корпорация ASIC-майнерлерге арналған жаңа чиптерді әзірлеуді аяқтаған әлемдегі ең ірі жартылай өткізгіш өндіруші зауыттардың біріне ие. Жаппай өндіріс қаңтар айында басталды.

Басылымның хабарлауынша, 2017 жылы Samsung биткоин майнингі үшін қытайлық өндірушілердің бірімен келісім-шарт жасасты. Қазір ол өзінің ASIC чипін әзірлеуді аяқтады. Компания едәуір кең халықаралық аумаққа шығу жолында алғашқы нарық бастамасы болып септелетін ел – Қытай болмақ. Болашақта оңтүстіккорейлік компания сатылымды Оңтүстік Корея мен Жапонияда да іске асырмақшы. .

«Samsung компаниясы қытайлық майнингтік фирмаларды жабдықтармен және ASIC чиптерімен қамтамасыз етуге арналған өндірісті ашты. Samsung жаңа бизнеспен енді ғана айналыса бастағандықтан, нақты көрер табысы қандай болатынын айту қиын», - деді компания өкілі.

Алдағы айларда Samsung кішігірім криптовалюталарды өндіруге арналған GPU-майнерді шығаруға кіріседі.

Похожие материалы