Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Samsung тұтынушыларын аңду туралы айыптауларға жауап берді

Samsung тұтынушыларын аңду туралы айыптауларға жауап берді

Samsung  теледидар иелерін аңду туралы айыптауларға жауап берді. Компанияның корпоративті блогында осындай мазмұндағы мәлімдеме жарияланған. Бұған дейін интернетте оңтүстік кореялық техника өндірушісі қосымша пайда табу үшін тұтынушылардың дауыс командаларын жинайды деген ақпарат пайда болған еді.

Samsung компаниясының өкілдері теледидарға орнатылған екі микрофонның жұмыс істеу принциптерін және жаңа модельде болу себептерін түсіндірді. Бірінші микрофон құрылғыны басқаруға көмек беретін қарапайым дауыс командаларына ықпал етеді. Мұндай басқару әдісі арқылы алынған мәліметтер еш жерде сақталмайды және ешқайда жіберілмейді.

Дистанциялық пультке орнатылған екінші микрофон ақпаратты іздестіру үшін интернетпен байланыстыруды талап етеді. Оның көмегімен арқылы алынған мәліметтер компания серверіне жіберіледі, ал функция дауыс енгізу баптаулары бар смартфон немесе планшеттегідей тәрізді жұмыс істейді.

Компания дауыс іздеу командаларының серверде сақталатындығын да мойындады. Samsung басшылығының атап өтуінше, бұл жөнінде тұтынушы теледидардың smart-фунциясын қолданудан бұрын қол қоятын келісімде жазылған.  Бірақ тек іздеу сапасын арттыру үшін жасалады. Теледидар жасап шығарушылардың айтуынша, сақталған мәліметтер қандай да бір пайда табуды көздемейді.

Айта кетейік, 9 ақпан күні қосымша табыс табу үшін Samsung теледидар иелерінің дауыс командаларын жинайды деген ақпарат таралған еді. Тұтынушы келісім-шарты бойынша, бұл мәліметтер үшінші жаққа берілуі мүмкін.

Похожие материалы