Экономика
"Самұрық-Қазына" 9 айдағы өндірістік-қаржылық қорытындысын шығарды
Алматы. 25 қазан. 7kun.kz - "Самұрық-Қазына" ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша жоспарлы қаржылық көрсеткіштерді асыра орындады. Бұл туралы компания есебінен белгілі болды.
"Осы кезеңде қор 825,3 млрд теңге көлемінде таза табыс алды, жылдық жоспар бойынша 533 млрд теңге болатын. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда екі есе артық», - делінді қордың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Компанияда қаржылық көрсеткіштердің жақсаруы көп жағдайда мұнай бағасының оң серпіні есебінен болғаны түсіндірілді. Ұлттық холдинг компанияларының өндірістік нәтижелері де артты. Атап айтқанда, есепті кезеңдегі операциялық пайда 635,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 112%-ға артық.
Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы бойынша электр энергиясын өндіру, көмір, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің өсуі байқалды.
Сонымен қатар қордың мәліметінше, 2018 жылы теміржол көлігі жүк айналымы 150-ден 162 млрд тоннаға дейін артты.
Бұл ретте "Самұрық-Қазына" тобының компанияларына ұмтылатын мақсаттар көп болып отыр. Ағымдағы жылдың сәуірінде мақұлданған Даму стратегиясына сәйкес Қор өзінің қызмет көрсеткіштерін әлемдік ұқсас компаниялар деңгейіне жеткізуі тиіс.