Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сәнді кэшбэк: Сбербанк пен Lamoda онлайн шоппинг жасаушылар үшін жаңа карта шығарды

Сәнді кэшбэк: Сбербанк пен Lamoda онлайн шоппинг жасаушылар үшін жаңа карта шығарды

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Сбербанк сәнді Cashback қосылған алғашқы «Lamoda» картасын шығарды.

 «Брендтердің кез келген бірлестігі ең алдымен клиенттер үшін және клиенттік тәжірибені жақсарту үшін құрылады. Сбербанкте 3 миллионнан астам бөлшек бизнес клиенттері бар және олардың жартысы Сбербанк Онлайн мобильді қосымшасын пайдаланады, сауданы картамен және смартфонмен төлейді және әрине киім-кешек пен аксессуарларды онлайн сатып алады - деп, Сбербанктің бөлшек бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимова картаның шығу тарихын баяндады.

Картаның тартымды дизайнімен қатар, клиенттер «Lamoda» сайтындағы әр саудадан 5% және әлем бойынша сұлулық салондары мен SPA қызметтерін төлегені үшін ай соңында 3% алып отырады.

Клиенттер үшін жоғарылатылған Cashback түріндегі пайдасымен қатар, Сбербанк ұсынған «Lamoda» картасы көптеген артықшылықтарға ие. Біріншісі Алматы мен Астана қалаларындағы клиенттер үшін карта тегін жеткізіледі. Сондай-ақ, клиенттерге картаны «Lamoda» (www.lamoda.kz) сайтында тапсырыс берілген тауарлармен бірге алу мүмкіндігі беріледі, бұл үшін картаны жеткізу туралы өтініште тапсырыс нөмірін көрсетсеңіз жеткілікті, Сізге картаны тауармен бірге жеткізеді.

Сбербанк ұсынған «Lamoda» картасын үйден шықпай-ақ, www.sberbank.processing.kz онлайн-платформасында кез келген қазақстандық банктің картасынан комиссиясыз толықтырып отыруға болады. Картаның қосымша артықшылықтары бүкіл әлем бойынша халықаралық төлем жүйелерінің кез келген картасына ақша аудару, сондай-ақ Қазақстанның кез келген банкоматында 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз қолма-қол ақша алу мүмкіндіктері болып табылатынын айта кеткен жөн.

Кез келген клиент «Lamoda» картасын Сбербанктің Қазақстан бойынша 40 бөлімшесінен бір рет қана келіп ала алатынын еске саламыз. 

Похожие материалы