Қазақстандық сақтандыру компанияларының сыйақы жинағы 95 млрд теңгеге дейін артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Ұйымдар бойынша қолайлы төлем деңгейі сақталуда, деп хабарлайды ranking.kz.
Сақтандыру нарығындағы жиналған сыйақы көлемі 32%-ға дейін артты. Өткен жылдың қаңтар-наурыз айында төлем көлемі сыйақы жиынтығының 28%-ын құраса, осы жылы бұл көрсеткіш 24%-ға дейін төмендеді.
Сыйақы және төлем көлемі бойынша "Еуразия" сақтандыру компаниясы алдыңғы орында тұр. Аталған компанияның сыйақы жинағы 2016 жылдың бірінші тоқсанында 19,9 млрд теңге (ҚР бойынша жиынтық көлемінің 21%-ы), ал төлем көлемі - 5,7 млрд (нарықтағы жалпы төлемнің 25%-ы).
Екінші орында - 12,2 млрд теңге (13%) сыйақы және 2,2 млрд (10%) төлем көлемі бойынша "Халық-Казахинстрах" компаниясы.
Ал "Қазақмыс" сақтандыру компаниясының сыйақы жмнағы 11,0 млрд теңгені (12%) құрады. "Казкоммерц-Life" - 1,3 млрд (5%).
Жалпы 10 үздік компаниядағы сыйақы мен төлем көлемі Қазақстанда жиналған сыйақының 74%-ын, төлемнің 69%-н құрайды.