Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшы: Долларға қатысты теңге бағамы 230-ға дейін көтерілуі қажет

Сарапшы: Долларға қатысты теңге бағамы 230-ға дейін көтерілуі қажет

"Біз доллар құны 230 теңге болуы қажет деп есептейміз" ,-  дейді «Halyk Finance» инвестициялық банкінің зерттеу департаментінің директоры Сәбит Хакімжанов теңгенің долларға қатысты бағамы 198 теңгеге дейін көтерілуі жөнінде Facebook парақшасында.

Сарапшының сөзінше, Ұлттық банк ұлттық валютаның жаңа курсын доллар үшін 196 теңгеден деп бекітуі мүмкін. "Сессияның жабылуына дейін теңгенің құлдырауы Ұлттық банктың курсты 196 теңгеден артық деп бағалайтындығын білдіреді. Біз қажетті девальвацияны 230 теңге/1USD деп бағалап отырмыз", - деп жазады қаржыгер. Оның сөзінше, теңге құнсыздануы жалғаса  бермек. "Ұзақ уақытқа созылған шешім  бар болғаны 5 пайыз көлемінде қалып қалады деп ойламаймын. 5 пайыз теңгенің асыра бағалауына қатысты проблеманы шешу үшін жеткіліксіз, бірақ теңге сұранысын кезекті рет түсіру үшін оңтайлы болмақ", - деп есептейді ол. Дегенмен, оның пікірінше, Ұлттық банк 5 пайыз деген деңгейде қалып қалуы да мүмкін. "Долларға қатысты теңге бағамының ұзақ уақыт бойы бір деңгейде қалып, 12 минутқа жабылып қалуы таңғы сессиядағы қателікті емес девальвация жүргізу туралы шешім қабылданғанын білдіреді", - деген пікір білдірді ол.

Похожие материалы