Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сарапшылар темір рудасы мен көмір бағасының төмендеуін күтеді

Сарапшылар темір рудасы мен көмір бағасының төмендеуін күтеді

Әлемдегі біршама  банктердің  сараптауынша,  2015 жылдан бастап  темір рудасы мен көмір бағасы   күрт төмендейді деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті.

Осы шикізаттардың бағасының күрт төмендейтіні туралы ақпаратты  алдыңғы аптада америкалық банк Citigroup  пен  австралиялық  Macquarie Group жариялаған болатын. Жоғарыда айтылған болжам Австралия сияқты елдердегі темір рудасы мен көмір өндіруді қысқарту барысына негізделген болатын. Австралиялық доллардың әлсізденуі, мұнай бағасының түсуі сұраныстың әлсіз және нарықтағы шикізат тауарларының жеткілікті болғанына қарамастан шикізат өндірісін және оның Азияға тасымалдануын пайдалы ете түсті. Сарапшылардың сөздеріне сүйенсек, жоғары шикізат өндіруші болып табылатын мемлекеттің ақша жүйесінің әлсіреуі  шикізат өндірісінің қысқартылуына әкеп соқты. Мысалы, австралиялық долларының америка долларына шаққандағы құны АҚШ экономикасы қуаттанған бес жыл ішінде  әлсіреді. Сонымен қатар елдегі инвесторлардың алаңдауына негіз бар. Себебі Австралия экономикасы түгелдей дерлік шикізат өндірісіне тәуелді. Шығындары автралия долларымен есептелетін тау-кен рудаларын өндіретін компаниялар үшін америкалық валютамен сауда жасауда үлкен айырмашылық бар. Австралиялық тау-кен өндіретін компания ұлттық валютаның әлсіреуінен зардап шегіп отырған бірінші өндіруші емес.  Сонымен қатар, Ресейдің көмір өндіретін ірі компаниясы да рубльдің әлсіреуінен ұтылып отыр. Шикізат өндіруші компанияларға пайдалы тағы бір нәрсе мұнай бағасының төмендеуі.  Мұнай бағасының төмендеуі фрахта бағасының  төмендеуіне әкеп соқтырды. Яғни бұл теңіз жолы арқылы тасымалды қысқартты. Citigroup банк  әлемдік банк арасында темір рудасының бағасы жөнінде ең қатқыл баяндама жасады.  Банк бағасы бойынша темір рудасының орташа ағымдық бағасы 2015  жылы  тоннасына  $58 құрайды,  бұл алдынғы болжамға қарағанда  11%, ағымдағы 68 долларлық бағаға қарағанда төмен. Австралиялық инвестбанк Macquarie Group темір рудасының бағасын келесі үш жылға 19-дан 26%-ға дейін төмендетті.  Macquarie бағалауынша темір рудасының орташа жылдық бағасы тоннасына $61,53 құраса,  ал  келер жылы ол  $58,18 құрайды. Болжам бойынша  энергетикалық көмір бағасы келесі үш жылда  13-21% дейін төмендейді. Macquarie бағалауы бойынша осы жылы көмір бағасы орта есеппен тоннасына 57 доллар, ал келесі жылы 63 долларды құрайтын болады. Осы шикізаттардың келешектегі төмендеуі қытай компаниялары үшін тиімсіз. Қытайда валюта әлсіреуі болмайды және  жергілікті темір рудасы мен көмір өндірушілер инвестициялық жобалардан бас тартуына тура келеді. Сондай-ақ шикізат бағасының төмендеуі әлемде өндірілетін темір рудасының жартысынан көбін сатып алатын қытайлық болат өндірушілерге және  2011 жылы Фукусима АЭС жарылысынан кейін ядролық энергиядан бас тартып, көмірге тәуелді болған Жапония үшін де тиімді. Бұрынырақ темір рудасы мен көмір бағасының төмендейтініне қатысты болжамды UBS AG  және Commonwealth Bank of Australia да айтқан болатын.

Похожие материалы