Алматы. 24 августа. 7kun.kz - Фридом Финанстың 2017 жылдың қаңтарынан бергі таза кірісі 12,73 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 есеге жоғары, деп хабарлады Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы.
Қаржы активтерінің құнын əділ құны бойынша өзгеруінен түскен кірістер 0,99 млрд теңгеден 8,1 млрд теңгеге дейін сегіз еседен астамға өсті.
Айта кетейік, 2017 жылы «Фридом Финанс» - меншікті капитал мен борыштық бағалы қағаздар нарығындағы, сондай-ақ KASE-де репо операциялары бойынша көшбасшы. Брокердің үлестік бағалы қағаздарының жиынтық портфелі 44 млрд теңге. Брокерлік компания Kcell (26,88 млрд теңге), KEGOC (10,98 млрд теңге) және «Қазақтелеком» (2,5 млрд) секілді қазақстандық эмитенттердің ірі қалталы акцияларына ие. Айта кету керек, 2017 жылы Хелл акциялары 56,8 пайызға, KEGOC 15,3 пайызға, «Қазақтелеком» 43 пайызға өсті. Сондай-ақ, компанияның комиссиялық сыйақысы 77,8 млн теңгеден 935,4 млн теңгеге дейін артты.