Cassini станциясы Сатурнның Пандора және Титан спутниктерін суретке түсіріп алды. Пандора - Сатурнның тағы бір сақинасына әсер етуші табиғи спутнигі. Бұл туралы НАСА-ның сайтында хабарланды.
Титанның түсірілген суреттері Пандораға қарағанда станцияға жақын орналасқанмен, Пандораны түсіру кезінде спутник Cassini станциясына үш есе жақын орналасқан. Титан - Сатурнның ең ірі спутнигі. Бұл аспан денелерінің өлшеміне байланысты. Тианның диаметрі — 5150 километр, ал Пандоранікі — 81 километр.
Сурет Cassini станциясында 2015 жылдың 4 маусымында түсірілген. Титанмен арақашықтығы 1,9 млн километр, ал Пандорамен 698 мың километр болған.
Cassini-Huygens басты миссиясы — НАСА-мен және Еуропалық ғарыш агенттігімен бірігіп жоба жасау. Негізгі мақсаты - әлемдегі ең ірі планета Сатурнның сақинасы мен Титанды зерттеу.
Осы үшін 1997 жылдың 15 қазанында Флоридадағы Канаверал мүйісінен ғарыш кемесі ұшырылған болатын. Ол 2004 жылдың 1 шілдесінде Сатурн кеңістігіне шыққан. 2004 жылдың желтоқсан айында спутниктен Huygens зонды бөлініп шықты. Ол 2005 жылы қаңтар айында Титанның жоғарғы бөлігіне орналасқан.