Сауд Арабия мамыр айында Азияға экспортталатын мұнай бағасын көтеруді жалғастырады деп хабарлайды Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы. Сәуір айында көтерілген баға деңгейі соңғы үш жылдағы ең төменгісі болып есептеледі.
Наурыз айында нарықтағы үлес үшін бәсекеге түсіп, Сауд Арабиясымен бірге Ирак, Кувейт және Иран Азияға баратын жеткізілімдердің бағасын төмендеткен еді. Енді Saudi Aramco-ның мәлімдемесіне байланысты мұнайдың әлемдік бағасы көтеріле түсті. Лондон биржасындағы мамыр фьючерсіндегі Brent маркасының бағасы барреліне 55,88 долларға немесе 1,69%-ға жоғарылады. Arab Light мұнай сұрыпы азиялық сатып алушылар үшін барреліне 30 центке қымбаттайды деп хабарлайды Bloomberg.
"Сауд Арабия Азия нарығында жақсы үлеске ие болды. Енді басқа өндірушілердің бәсекелестігіне олар назар аудармайды. Сондықтан еш алаңсыз бағаны көтере алады", - деп түсіндіреді мұны бұрын Kuwait Petroleum International компаниясында жұмыс істеген Эссам әл-Марзук.
Сондай-ақ Saudi Aramco АҚШ пен Еуропаға экспортталатын мұнай бағасын төмендететіндігн мәлімдеді. Солтүстік және Батыс Еуропадағы тұтынушылар үшін Arab Light барреліне 20 центке, америкалық сатып алушылар үшін барреліне 10 центке төмендейді.