Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сбербанк «МедиДез» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды

Сбербанк «МедиДез» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен «МедиДез  ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды.

Компания ашылған сәттен бастап оның қызметі емдеу-профилактикалық мекемелерінде ауруханаішілік инфекциялармен күреске арналған медициналық жабдықтарды және дезинфекциялау құралдарын сату болып табылған. 2017 жылы «МедиДез» ЖШС өзінің жеке дезинфекциялау құралдарын шығара бастады, ал Сбербанк ұсынған айналым құрал-жабдықтарын толықтыруға арналған бастапқы кредиттік желі арқасында компания шығарылатын өнім түрлерін кеңейтіп, Қазақстан нарығына сәтті шықты.

 «Отандық өндірушілерге қолдау көрсету таяудағы жылдарға арналған банктің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Елдар Теңізбаев.

Бұл жобаны қаржыландыру «Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған. 2018 жылғы желтоқсан айының басында «МедиДез» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында отандық өндірушінің өндірістік мақсаттағы ең үздік тауары ретінде марапатталған болатын, оған аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен 153 кәсіпорын қатысқан болатын. Қазіргі таңда «МедиДез» ЖШС өз өнімін сату бойынша Ресейдің және Қырғызстанның компанияларымен сәтті серіктестік жүргізуде.    

Похожие материалы