Шағын бизнес осы жылы ұлттық экономиканың өсіміне себепкер болды. Бұл саладағы табыс бір жылда 45 пайызға өсіп, жұмыс істеп тұрған мекемелердің саны 5 пайызға көбейді. Алдарыңызға ranking.kz жасаған сараптаманы ұсынамыз.
2016 жылдың қарашасындағы ірі, орта және шағын мекемелердің белсенділік деңгейі қандай болды?
Шағын бизнес өткен жылы өсу қарқыны бойынша көш бастады. Қазақстанда 2016 жылдың қарашасындағы мәлімет бойынша 125 мың шағын мекемелер жұмыс істеген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға жоғары. Шағын бизнеспен айналысушылар қатары былтырғы жылмен салыстырғанда бірден 21 пайызға артты.
Ірі сектордағы белсенділіктің төмендеуі шағын бизнестің өсіп жатқанын байқауға мүмкіндік берді. Ірі және орта көлемдегі компаниялардың саны бір жылда 1 пайызға төмендеді, ал олардың жаңадан ашылуы 39 пайызға қысқарды.
2015 ж. бері жұмыс істейтін мекемелердің белсенділігі (мың дана)
[caption id="attachment_58944" align="alignnone" width="648"] ranking.kz[/caption]Қазақстандағы шағын бизнестің қарқынды дамуын, кәсіпкерлерге белсенді кредит берумен байланыстыруға болады. Мұны қазіргі таңда мемлекеттің қолдауымен «Даму» қоры жүзеге асырып келеді. Мемлекет шағын және орта бизнеске кредиттің пайыздық мөлшерлемесін жеңілдету арқылы қолдау көрсетіп отыр.
2010-2016 жылдар аралығында кәсіпкерлерге арналған кредитті субсидиялау барысында 1,6 триллион теңгені құрайтын 8,3 мың жоба мақұлданды. Ал субсидияның жалпы көлемі 135 миллион теңге. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 21,8 миллиард теңге субсидия төленді. Банктер өткен жылмен салыстырғанда бизнеске кредит берудің 54 пайызға көбейгенін айтады.
Мекемелердің табыс динамикасы (трлн теңге)
[caption id="attachment_58953" align="alignnone" width="653"] ranking.kz[/caption]Бұл шағын бизнестің соңғы нәтижелеріне едәуір әсер етті. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шағын мекемелер бірігіп 15 триллион теңге табыс тапқан. Ал таза ақшалай түсім бір жылда 45 пайызға көбейген.
Дәл осы мерзімде ірі және орта кәсіпкерліктің пайдасы 18 пайызды құраған. 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында таза ақшалай түсімнің көлемі 1,4 триллион болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп.
Шағын бизнестің пайда табу көрсеткіштері (трлн теңге)
[caption id="attachment_58954" align="alignnone" width="733"] ranking.kz[/caption]