Экономика
ҰҚК Шекара қызметі академиясында 10 тапанша жоғалды
Алматы. 12 мамыр. 7kun.kz - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында 10 пистолет жоғалды. Соған байланысты Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Бұл оқиға атыс алаңындағы жаттығулар кезінде орын алған.
Қазіргі уақытта атыс қаруының жоғалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іздестіру шаралары да қолға алынды.