Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Shell басшысы Президентке "Президент Назарбаев" сортты қызғалдақты тарту етті

Shell басшысы Президентке "Президент Назарбаев" сортты қызғалдақты тарту етті

"Shell" концернінің атқарушы директоры Бен ван Берден Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландияда өсірілген "Президент Назарбаев" сортындағы қызғалдақты тарту етті деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Концерннің атқарушы директоры мемлекет басшысына Нидерланд корольдігіне өткен жылғы сапарының барысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте оған қызғалдақтың "Президент Назарбаев" атты жаңа сорты таныстырылғанын айта кетті. Осыған байланысты Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңадан жиналған гүлдерін сыйға тартты", - делінген хабарламада.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметі және оның Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қатысу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ түрлі инвестициялық жобалардың іске асырылуын қоса алғанда, ынтымақтастықтың келшектегі бағыттары туралы сөз қозғалды.

Президент компания қызметіндегі өзгерістерге назар аударды, бұл өзгерістер аясында концерн "BG Group" компаниясымен біріккелі жатыр. Нұрсұлтан Назарбаев "Shell" Қазақстан экономикасының ірі инвесторы екенін және Қашаған кен орнын өндіру жобасында маңызды роль атқаратынын айта кетті.

"Мемлекет басшысы болып жатқан өзгерістер компания өзіне алған міндеттемелерге оң ықпалын тигізеді деген сенімін білдірді", - делінген хабарламада.

Похожие материалы