Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шетелге ұшу бағасы арзандайды – министр

Шетелге ұшу бағасы арзандайды – министр

Астана. 24 қараша. 7kun.kz – 2023 жылдан бастап шетелдік лоукостерлерді тартудың арқасында билет бағасы арзандайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, қазір ведомство ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөздер жүргізуде.

«Қазір біз ірі лоукостерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Қай компания екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ оларға «ашық аспан» аясында жолаушыларды алып кетуге рұқсат береміз. Мәселен, бір жақтан келеді де, Түркияға немесе Еуропаға алып кетеді. Ондайда билет бағасы әжептәуір арзан болады. Себебі лоукостердің қызметі пайдаланылады», - деді Өскенбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, министрлік аталған шараны келесі жылдан бастауды жоспарлауда.

Похожие материалы