
Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Қаржылық мониторинг агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр», – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Похожие материалы
50 тысяч алматинцев вышли на субботник ко Дню Победы
- 09 мая, 2025