Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Шұбаркөл көмір» АҚ президенті ауысты

«Шұбаркөл көмір» АҚ президенті ауысты

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Рустам Ибрагимов «Шұбаркөл көмір» АҚ (Еуразиялық топтың құрамына кіреді (ERG)) президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Ибрагимов АҚ президенті болып 2019 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге сайланды. Бұл қызметте ол Андрей Сафоновты ауыстырды.

Президент Сафоновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Ибрагимовты сайлау туралы шешімді «Шұбаркөл көмір» директорлар кеңесі 2019 жылдың 26 тамызында қабылдады.

Бұған дейін Ибрагимов «Шұбаркөл Көмір» АҚ бірінші вице-президенті қызметін атқарған. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің түлегі, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының MBA дәрежесі бар.

Әр жылдары ERG тобының компанияларында басшылық қызметтерді атқарды.

Сафонов «Шұбаркөл көмір» АҚ-да жұмысын 2016 жылдың қараша айында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық менеджер ретінде бастады, 2017 жылдың ақпан айынан бастап өндіріс вице-президенті болды, ал 2018 жылдың сәуір айынан бастап кәсіпорынды басқарды.

«Шұбаркөл көмір» – ERG құрамына кіретін ашық тәсілмен көмір өндіретін компания. Кәсіпорын сондай-ақ кокс газынан арнайы кокс пен электр энергиясын өндірумен айналысады. 2018 жылы кәсіпорын 11 млн 560 мың тонна көмір өндірді, 2019 жылы 13 млн 720 мың тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр.

ERG – ірі халықаралық компания, оның кәсіпорындары өндіру, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында жұмыс істейді.

Похожие материалы