Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда алғаш рет қыздар арасындағы футболдан чемпионат өтті

Қазақстанда алғаш рет қыздар арасындағы футболдан чемпионат өтті

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда алғаш рет қыздар арасындағы футболдан республикалық «Coca-Cola Былғары Доп» чемпионаты өтті.

«Coca-Cola Былғары Доп» балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық футбол Чемпионаты 10 жылдың ішінде Қазақстан футболының жұлдыздарына жол ашты. Оған әр жылдары Бауыржан Исламхан, Рауан Сариев, Сергей Хижниченко және басқа спортшылар қатысты. Жыл сайын Чемпионатқа 400 мыңнан астам жас қазақстандық қатысады. 2006 жылдан бастап жобаға 6 200 мектеп, Қазақстанның барлық аймақтарынан 1,2 миллионнан астам мектеп оқушылары қатысты. Жобаның басты мақсаты футболды дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу.

Биылғы жылы чемпион атағы үшін алғаш рет қыздар жарысты. Чемпионат финалы Шымкентте өтті. Оған қыз балалардың 6 мықты футбол командасы қатысты. Олардың ішінде екі команда Шымкенттің өзінен, сонымен бірге, Алматы, Көкшетау, Орал және Тараздан келген футболшы қыздар бар.

Үшінші орын  Тараз қаласының №5 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің (ОМБЖСМ) командасына бұйырды. Финалдық ойында Шымкенттік №7 (ОРБЖМСМ) командасы Көкшетаулық «Оқжетпес» (БЖСМ) командасы кездесті. Финалдық ойын 8-0 шотымен аяқталды.

Сондай-ақ ақтық сынның әр шептегі үздік ойыншылары анықталды: үздік қақпашы – Хохлова Анастасия, үздік қорғаушы – Прохорова Валерия, үздік жартылай қорғаушы – Талдыкина Маргарита, үздік шабуылшы – Елубаева Сабина, ең көп гол соққан ойыншы – Алмаскызы Жасмина, ақтық ойынның ең үздік ойыншысы – Жумагали Асель.

"Бұл Чемпионат жас спортшыларға салауатты өмір салтының пайдасын көрсетіп, спорттық рухты көтеретін жарыс. Чемпионат барысында балалар бір-бірімен тез тіл табысып, өзіне деген сенімділігінің арта түскені айтарлықтай көзге түседі.  Жылдан жылға біз балалар үшін мерекелік көңіл күй сыйлап, футбол мерекесін ұйымдастыруға тырысамыз. «Coca-Cola Былғары Доп» 10 жылдық тарихының ішінде ең ауқымды спорттық шараға айналғаны қуантады. Өзім финалдық ойындардан керемет әсер алдым. Әлеуметтік бастаманың бүгінгі жетістігі - ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Футбол федерациясы, «Coca-Cola» компаниясы, «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесі деп білеміз», - деп мәлімдеді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының Коммуникация және билікпен байланыс жөніндегі директоры Алима Исембаева.

13-жасар Жұмағали Асел Чемпионатта қазақтың көйлектегі Роналдуы деп атады. Бойжеткен допты жеңіл айналдырып, жылдам қимылдайды және допты қақпаға дәл кіргізеді.

«Мен әр түрлі спорт түрлерімен айналыстым, алайда, футбол маған барлығынан көп ұнады. Менің арманым – халықаралық чемпионатқа қатысу. Мен «Coca-Cola» компаниясына бізге ұсынылған осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын», - деп әңгімеледі Асел.

Жарыс ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Футбол федерациясы, «Coca-Cola» компаниясы, «Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК.

Похожие материалы