Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Siemens Ресейдегі өз бизнесін екі есе қысқартты

Siemens Ресейдегі өз бизнесін екі есе қысқартты

Siemens компаниясының ресейлік бизнесі санкциялардың әсерінен екі есе қысқарды, бірақ компания енгізілген шектеулерді жалғастырмақ, дегенмен диалогты жалғасытруды қажет деп есептейді деп мәлімдеді компанияның басқарма төрағасы Джо Кэзер Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында.

"Ресеймен арадағы бизнес жалпы алғанда зиян шекті, біздің бизнес шамамен екі есе қысқарды", — деді ол.

Сонымен бірге, компания Ресейге қарсы санкциялардың қолдануын қолдап отыр.

"Компания саясат шешімін мойындайды, біз осы осы позицияны ұстанамыз, және мұны бұған дейін де айтып келгенмін", - деп мәлімдеді Кэзер.

Бұған дейін Siemens компаниясы шығындарды қысқарту жөніндегі бағдарлама аясында 8 мың қызметкерді жұмыстан босатқаны айтылған еді, солардың ішінде 3,3 мыңы Германияда.

Похожие материалы