Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сирия ЕАЭО-ға мүше болуы мүмкін

Сирия ЕАЭО-ға мүше болуы мүмкін

Сирия мен Ресей басшылығы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу туралы және кедендік аймаққа қосылу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Сирия премьер-министрі Ваиль аль-Хальки мәлімдеді деп жазады РИА Новости.

"Бұл жерде бізге дос мемлекеттермен қарым-қатынастар нығайтылып, экономикалық және сауда қарым-қатынастар жеңілдейді деген пайда бар", - деді аль-Хальки мырза.

Премьер-министрдің сөзінше, бүгінде Мәскеу мен Сирия арасында газ өңдеу зауыттары, электростанциялар және суландыру құрылыстарына қатысты бірнеше келісімдерге қол қойылған.

Осыған дейін 2013 жылы сириялықтар ресейлік әріптестерімен бірге мұнай кен орындарын өңдеу туралы келісімге жасаған еді. Өзара серіктестіктің бірінші кезеңінің құны 88 млн доллар құрап, 5 жылға есептелді. Осы уақыт аралығында барлық барлау жұмыстары жүргізіліп, ары қарайғы әрекеттер үшін қажетті рұқсаттар алыну қажет.

Похожие материалы