Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Ситуативный казахский" кітабының электронды нұсқасы шықты

"Ситуативный казахский" кітабының электронды нұсқасы шықты

Kaspi Bank-тің қолдауымен Қанат Тасыбековтың "Ситуативный казахский. Мир казахов" кітабының электронды нұсқасы тегін қолжетімді болды. Бұл туралы бүгін Алматыда арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Банк өкілдерінің айтуынша аталған кітап қазақтың болмасы мен рухани, тұрмыстық тіршілігі туралы айта отырып, тілді үйренуді жаңа қырынан көрсеткен. Сондықтан алғашқы томы шыққан күннен бастап қазақша үйренгісі келгендер арасында сұранысқа ие. Бірақ кітап нұсқасының барлығына жетуі мүмкін емес. Сатып алуға мүмкіндігі жоқтар да бар. Әрі қазір көпшілік онлайн оқығанды жөн көреді. Осы себептерді ескеріп банк басшылығы көпшілікке кітаптың электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бергенді жөн көрген.

«Kaspi Bank» АҚ атқарушы директоры Маржан Елшібаеваның айтуынша кітап банк қызметкерлері арасында үлкен қызығушылық тудыраған.

"Біз банкте қазақ тілінің дамуы үшін көптеген жобаларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі кітаптың электронды нұсқасы соның бір көрінісі", дейді ол.

Маржан Елшібаеваның айтуынша қызығушылық білдіргендер қазірдің өзінде   www.kaspibank.kz сайтынан кітаптың электронды нұсқасын тегін жүктей алады. Сондай-ақ, 20 наурыздан бастап Kaspi Bank-тің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Apple iBookStore, Google Play Books, және Amazon-да қолжетімді болмақ.

Кітап авторы Қанат Тасыбековтың айтуынша кітаптың негізгі оқырмандары - орыс тілді азаматтар. "Мен де қазақ тілді өздігімнен үйрендім. Тілді үйрену алғашында қиын сияқты, бірақ қазақ тілді ортада жүріп, оны "жеңілдеттім". Бірінші кітабым тұрмыстық жағдайларда қазақша сөйлеуге арналған. Екінші кітапты дайын тұрған сценарий десе де болады. Ондағы диалогтар арқылы кішігірім бейнесюжеттер түсіруге болады", - дейді кітап авторы өз туындысы жайында.

Осыған дейін кітаптың 2 нұсқасы жарық көрген еді. Алғызсөзін белгілі жазушы Герольд Бельгер жазып, жоғары бағалаған кітаптың екі томы да оқырман қауымның ыстық ықыласына ие болды. Мәселен, бірінші бөлімі 4 рет басылып шығып, 15 мың данасы сатылған. Кітаптың екінші бөлімі екінші рет шыққалы жатыр және тек баспа түрінде қолжетімді.  Бүгінгі мәслихат барысында автор үшінші кітапты да жазатынын айтты.

"Тіл үйренуге ешқашан кеш емес, мысалы өзім елуден асқан шағымда қазақ тілін үйрендім. Бізге жетіспейтіні тіл үйренуге мүмкіндік беретін құралдар" деді автор.

 

Похожие материалы