Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сіздің төлқұжатыңыздың түсі қандай?

Сіздің төлқұжатыңыздың түсі қандай?

Саяхатқа шығуға дайындық бастасаңыз тізімнің басы төлқұжаттан басталады. Ол - сапар кезінде тек сіздің ғана емес, мемлекетіңіздің статусынан да хабар беретін құнды қағаз. Оның ішіндегі мәлімет арқылы ғана емес, түсі арқылы да азамат туралы ақпарат алуға болады. 

Төлқұжат түсі әдетте елдің географиялық орны мен саясатына байланысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) арнайы көлем мен форматын белгілегеніне қарамастан, әр ел үкіметінің ұлттық төлқұжаттың дизайны мен түсін таңдауға құқығы бар. Ол тек негізгі 4 түс ішінен таңдалуы қажет: қызыл, жасыл, көк немесе қара.

Жасыл

km Бұл түсті таңдаушылардың басым көпшілігі дінге басымдық беретін мемлекеттер. Марокко, Пәкістан және Сауд Арабиясы тәрізді мұсылман мемлекеттері жасыл түсті таңдайды. Жасыл сондай-ақ Иран, Мавритания, Пәкістан және Ауғанстан елдерінің туында кездеседі. Көпшілік африкалық мемлекеттерінің (Буркина Фасо, Нигер, Нигерия, Сенегал және т.б.) азаматтары батыс африкалық мемлекеттік экономикалық қауымдастығы мүшесінің ерекшелігі үшін де жасыл түсті төлқұжат пайдаланады.

Қызыл

atТөлқұжат рейтингінде (Passport Index) төлқұжаттың интерактивті базасымен бағдарламасымен айналысатын Arton Group вице-президенті Грант Погосянның The Telegraph басылымына берген сұхбатында айтуынша, қызыл түсті төлқұжат елдің коммунистикалық өткенін немесе болашағын білдіреді. Словения, Қытай, Сербия, Латвия, Румыния, Польша және Грузия азаматтарының төлқұжаты дәл осы түсте. Көпшілік солтүстік еуропалық елдер де қызыл түсті таңдайды. Бұны қызылдың викингтер дәуірінде танымал болуымен түсіндіріледі, осы түсті олардың мемлекеттік рәміздерінен де табуға болады. Еуроодақ елдерінің төлқұжаты - қою қызыл. The Economist-тің жазуынша, Түркия, Македония және Албания мемлекеттері саяси өзгерістерге байланысты "алдын-ала жаттығу" жасап, төлқұжаттарын Еуроодақ түсіне ауыстырды.

Көк

us АҚШ төлқұжаты көк түсті, дегенмен ең алғашында жасыл болған еді. 1976 жылдан бастап америкалық тудың түсіне сәйкес өзгертілді. Кариб қауымдастығы елдерінің төлқұжаты да мұхит ортасында орналасқан георгафиялық мекен-жайына байланысты көк түсті. Және Бразилия, Парагвай, Уругвай және Венесуэла тәрізді оңтүстік америкалық елдер көк түсті төлқұжатты пайдаланады.

Қара

psСирек кездесетін төлқұжат түсі. Көпшілік африкалық мемлекеттерде (Конго, Замбия, Ангола, Бурунди, Ботсвана, Габон) қара түстің рөліне байланысты құжаттары да осы түсте. Жаңа Зеландия азаматтары ұлттық ерекшелігіне байланысты қара түсті төлқұжат пайдаланады. Әлемдегі 249 мемлекеттік 65-не арнап құжат дайындайтын  Holliston компаниясының хабарлауынша, қара түстер "барынша ресми" көрінетіндіктен танымал. Әлемдегі ең маңызды құрылымдардың бірі Interpol-дың мәлімдеуінше, халықаралық ұйымның жаңа төлқұжаты қара түсте шығарыла бастаған.

Ашық түстегі төлқұжат туралы да айта кету қажет. The Economist-тің жазуынша, мұндай реңдегі құжаттар қауіп туралы ескерту немесе жаза түрінде берілуі мүмкін. Швеция мен Голландияда құжаттарын жоғалтқан азаматтар күлгін түстегі төлқұжатты пайдалануға мәжбүр болады.

Біздің елімізде төлқұжаттың 3 түрі бар: жалпы азаматтық, қызметтік және дипломатиялық. 

сураЖалпы азаматтық төлқұжат сіздің жеке басыңыздың мәліметтерін нақтылайтын құнды қағаз. Жасына қарамастан алуға ниет білдірген барлық Қазақстан азаматтарына беріледі. Көк түсті, жазу мемлекеттік және ағылшын тілінде жазылған.

Қызметтік төлқұжат қара түсте болады. Мәтін де екі тілде жазылады. Бұл құжат ұлттық компания қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлердің іс-сапары үшін беріледі. Ал дипломаттық құжат күрең жасыл түсте болады. Бұл төлқұжат түрі ҚР СІМ-нің дипломатиялық қызметкерлері мен жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктерге беріледі.

Похожие материалы