Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Скрипт Twitter байқауларында 1000-нан астам жүлде ұтқан

Скрипт Twitter байқауларында 1000-нан астам жүлде ұтқан

Бағдарламашы Хантер Скотт жасап шығарған Twitter-дегі байқауларға автоматты түрде қатысуға арналған арнайы бағдарлама 9 ай ішінде шамамен 1000 жүлде ұтып алған. Бұл туралы автор өзінің веб-парақшасында хабардар етті.

Скрипт әлеуметтік желіге тіркеліп, "жеңу үшін, ретвит жасаңыз" деген сөздерден тұратын твиттерді іздеп, оларға автоматты түрде ретвит жасаған. Автор Twitter-де осы тектес басқа бағдарламалардың белсенділігін байқамағандығын айтты, алайда ол бұған дейін мұндай әрекеттер жасалу мүмкіндігін жоққа шығармады. Осы уақытқа дейін скрипт шамамен 165 мың байқауға (күніне 4 байқаудан) қатысқан, осылайша жүлделерді ұту пайызы шамамен 0,6%-ды қамтыды.

Похожие материалы