Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Skype-та дыбыс жазбаларын синхронды аудару қызметі пайда болды

Skype-та дыбыс жазбаларын синхронды аудару қызметі пайда болды

Skype қолданушылардың бір бірімен қатынас кезіндегі сөздерін дәл уақытында аударатын Skype Translator сервисін ұсынды. Бұл туралы сервис блогына сілтеме жасап, lenta.ru  хабарлайды.

Сервис ағылшын, француз, неміс, итальян, қытай және испан тілінде қызметін ұсына алады. Ал жазбаша мәтіндік хабарламалар 50-ден аса тілге аударылады. Skype Translator сөзді тану, жедел аудару және машиналық оқу технологияларын пайдаланады. Яғни сервис көп пайдаланылса, белсенді жұмыс істейді. Қызмет қосымшаны жүктей алатын Windows 7, Windows 8 және Windows 10 қолданушылары үшін қолжетімді. Қайта жаңарту 1-2 апта ішінде болады. Пайдаланушылар бағдарламадан жер шарының арнайы иконын көре алады. Ал Translator-дың басқа континенттерде қашан пайда болатыны әзірге белгісіз. Translator-ды тексеру 2014 жылы басталған. Ол кезде аударма тек ағылшын және испан тілінде жасалатын. Компания Мексика мен АҚШ-тағы бір бірінің тілін түсінбейтін екі оқушының Skype-тағы ойынын видеоролик ретінде  көрсетіп, қызметтің қалай жұмыс істейтінін жариялады. Құрастырушылардың сөзіне қарағанда, Skype-тың ұзақ мерзімді мақсаты — сөз бен хабарламаның синхронды аудармасын мүмкіндігі мол тілдер арасында қамтамасыз ету.

Похожие материалы