Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Смартфонды әйнек арқылы қуаттауға болады

Смартфонды әйнек арқылы қуаттауға болады

Жапондық жоғарытехнологиялық Kyocera компаниясы Sunpartner Technologies компаниясымен бірлесе отырып смартфондарға арналған Wysips Crystal атты әйнек жабын ойлап тапты. Бұл құрылғы күннен қуат алу арқылы телефонды қуаттайды. Компания өз өнертабысын Барселонада өтетін әлемдік мобильді конгресте (MWC 2015) таныстырмақшы. Wysips Crystal әйнегін телефонның үстіңгі бөлігіне де, астыңғы бөлігіне де орналастыруға болады. Әйнек қабатының жіңішкелігі сонша, смартфоныңызда байқалмай тұрады. Телефондардан бөлек бұл әйнекті басқа гаджеттерге де қолданса болады. Құрылғының қуаты таусылған жағдайда оны қуаттау үшін жарық көзіне жақын орналастырса болғаны. Wysips Crystal экранның бірнеше түрлеріне лайықталып жасалған: LED, OLED және электронды қағаз түріне.

Осыған дейін компания жақұт әйнектен жасалған өте берік смартфон (Kyocera Brigadier) мен формасын өзгертетін телефондар (Kyocera Proteus) шығарған болатын.

Похожие материалы