Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

СҚО-да 430 адам жұмысынан айрылуы мүмкін: Обухов комбинатындағы дау

СҚО-да 430 адам жұмысынан айрылуы мүмкін: Обухов комбинатындағы дау

СҚО. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Атышулы «ГОК» фильмінің түсірілуіне себеп болған Обухов тау-кен байыту комбинатындағы жағдай әлі де мәз емес. Ондағы жұмысшылар жергілікті билік тарапынан қысым көріп жатқанын айтады, деп хабарлайды 7kun.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, облыстың шенділері рейдерлермен бірігіп, кәсіпорынның жұмысына кедергі келтіріп келеді. Ал, қызметкерлердің үстінен қайта-қайта қозғалған қылмыстық істер мен сот процесі жұмысқа айтарлықтай тежеу болып отырған көрінеді.

Әділдіктен күдер үздік деген комбинат жұмысшылары астанаға келіп, журналистерге мұңын айтты. Олардың сөзінше, жақында тау-кен байыту комбинаты тағы да жанжалдың ортасында қалған. Тайынша ауданының әкімдігі кәсіпорын қызметкерлеріне жер телімдерінің бірінде жұмыс істеуге тыйым салуды талап етіпті. Жер шаруа қожалығына ұзақ мерзімді жалға берілген. Салдарынан «Тиолайн» компаниясының 250 жұмысшысы жұмыстан айрылды. Ал учаскеде барлығы 430 адам жұмыс істейді. Кен өндіру аяқталғаннан кейін қалған 180 адам да жұмыссыздардың қатарын толтырмақ.

6 қыркүйекте кәсіподақтар, мердігерлер мен тау-кен байыту комбинатының басшылығы Тайынша қаласының әкімдігінің алдына барды. Алайда, оларға ешкім шықпаған. Кездесу алдын ала келісілген болса да әкімдік қызметкері аудан басшысының жоқ екенін айтып, келушілерді қайтарыпты. Екінші күні кәсіпорын қызметкерлерінің алдына Тайынша ауданы әкімінің міндетін атқарушы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы шыққан.

«Әкімдіктің екі өкілі де бірдей нәрсені қайталады. Қысқаша айтқанда олар: «Біздің бұған қатысымыз жоқ. Сот осындай шешім шығарды. Кәсіпорынға қатысты сот ісі біткен жоқ», дегенді айтумен болды. Ал тау-кен байыту комбинатының өкілдері жер учаскесінде жұмыс істеуге тыйым салу туралы өтініш берген әкімдіктің өзі екенін айтқанда шенеуніктер жауап беруден жалтарды. Олар ештеңе түсінбейтін сыңай танытып, істі судьяға итермеледі», - дейді «Тиолайн» ЖШС құрылтайшысы және атқарушы директоры Виктор Долгалев.

Әкімдік қызметкерлерімен келіссөз оң нәтиже шықпаған соң, тау-кен байыту комбинатының еңбек ұжымы Нұр-Сұлтан қаласында баспасөз мәслихатын өткізуді ұйғарған.

Виктор Долгалевтың айтуынша, Ералы Тоғжанов вице-премьер кезде биыл өңірге келіп, Обухов комбинатының жұмысшыларымен кездесуі керек болған екен. Алайда, жергілікті әкімдік оны аталған кәсіпорынға емес, 9 адам жұмыс істейтін тігін цехына апарған көрінеді.

«Осының бәрі Ақсақаловтың жетістігі ме? 9 адамға арналған цехқа не деп алып барды вице-премьерді? Бұл өңірдегі ұсақ-түйек кәсіпорынның бірі ғана. Біздің компания жұмыс істеуде. Салық төлейміз. Ол өмір сүруге құқылы. 250 адамның айлық еңбекақы қоры 118 миллион теңгені құрайды. Жұмысшыларымыз айына 450 мың теңге алады. Біздің тазалаушы қызметкеріміз екі апталық жұмысы үшін 400 мың теңге алады. Біздің комбинат кен өндіру жөнінен дүние жүзінде алғашқы үштікке кіреді. Ал олар 9 адамға арналған цехқа қолдау көрсетуде. Есесіне табысты кәсіпорынды жоюға тырыспақшы. Қисынға келе ме?» – деді Виктор Долгалев астанада өткен брифингте.

Сондай-ақ, компанияның атқарушы директоры кәспіорында болып жатқан келеңсіз оқиғаларға Құмар Ақсақаловтың тікелей қатысы бар екенін айтты. Долгалевтің айтуынша, оған қатысты қылмыстық істердің барлығы ойдан шығарылған.

«Сот тау-кен байыту комбинаты туралы түпкілікті шешім шығармады және лицензия әлі қайтарып алынған жоқ. Ендеше неліктен 250 адам жұмыссыз, ал комбинат жер телімінсіз қалды? «Тиолайн» ЖШС-ның 430 қызметкері жұмыс істеген жер телімі заң бойынша алынған. Қызметкерлер оларға алдын-ала өтініш берген. Жер бөліктерге бөлініп, игерілуде. Кейбір жер бөліктері кен өндіруге, ал басқалары мал шаруашылығы үшін берілген. Әкімдік назары дұрыс болса, бәрі өз бабымен болар еді. Жақында фермер Кобзев кәсіпорын қызметкерлері жұмыс істеген 920 гектар жерді сатып алған. Әкімдік оған тағдыры әлі шешілмеген жерді оп-оңай сатып жіберді. Бұл екі иесі соттасып жатқан пәтерді сатып алумен тең әрекет. Кобзев біз туралы және біздің жағдайымыз туралы бәрін біледі. Ол бойынша даулар жүріп жатқанын да біледі. Бірақ 920 гектар жерді сатып алды. Биылғы жұмыс үшін бізге 9 гектар жер қажет. Бұл ол сатып алған жердің бір пайызына да жетпейді. Кобзевтің өзі бұл жерде жұмыс істеген жоқ. Қорытындылай айтқанда, ол бізге зиян келтіру үшін сатып алды. Олар 2020 жылы бізді жеңе алмады. Біз басқа жолмен жүруді шештік» - дейді Долгалев.

«Тиолайн» ЖШС директоры Данил Долгалевтың айтуынша, жергілікті әкімдік жәбірленуші тарап  ретінде өзін көрсетіп жатыр екен. Шенділер ЖШС-ны Тайынша ауданы әкімінің аппаратына 7 жарым триллион теңге шығын келтірді дегенді айтқан көрінеді.

«Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті 22 жылға 323 млрд теңгені құрайды. Бұл бүкіл облыстың бюджеті. Қазақстан бюджеті шамамен 15 триллион болса, бұлар 7 триллион теңге шығын келді дегенді айтып отыр. Бір жыл бұрын еңбек ұжымымен келісімшартты сақтау үшін біз Петропавл қаласына бардық, онда облыс әкімі Құмар Ергібайұлын бізбен кездесуге мәжбүр етті... Ол қатты пайдалы қазбаларға әкімдіктің ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Ол тіпті кәсіпорынның бар екенін де білмейтінін айтты. Тура бір жылдан кейін әкім аппараты қатты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру салдарынан зардап шегуші болады. Ал әкімдіктің Бура есімді қызметкері жарты жыл бойы жәбірленуші болып шығады. Ол бізге кеннің не екенін білмейтінін айтады. Бірақ соған қарамастан, ол жәбірленуші. Әрине, биліктің бұл әрекеттері біздің кәсіпкерлеріміздің беделін түсіруге бағытталған», – дейді Данил Долгалев.

Баспасөз мәслихатына түрлі БАҚ өкілдері, блогерлер мен телеарналардың журналистері қатысты. Журналист Серік Малеев құрамына Виктор Иванович Долгалев кіретін «Азамат» қоғамдық бірлестігі туралы айтты. Жобаның басты мақсаты – халыққа әкімдерді таңдау мүмкіндігін беру. Оның ішінде аудандық, облыстық, ауылдық өңірлердің әкімдерін таңдау мүмкіндігі қарастырылады.

Бұл жиынға ҚР еңбек сіңірген әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та қатысқан. Ол аталған іске байланысты өз ұстанымын білдіріп, президент Тоқаевтың соңғы Жолдауында әкімдіктерге сот істеріне араласпау керектігін тапсырғанын еске салды.

Обухов тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері аталған мәселелер назардан тыс қалмайды деп сенеді.

Похожие материалы