Менің сұрағым, білімге арналған студенттік несие жайлы. Яғни несие алу үшін қосалқы қарыз алушы болу керек пе? Ал егер қосалқы қарыз алушының өз несиесі болса ше? Ол маған қосалқы қарыз алушы бола алады ма?
Біржан, 87754766145 телефон номері арқылы жолдады
Біржан, ең алдымен ескере кету қажет. Қазақстандық банктерде тұтынушылық, тауарлық несие бойынша «Студенттік кредит» деген өнім жоқ. Егер несие алғысы келетін адам студент болса, өкінішке қарай несие талаптарына жауап бермейтіндіктен несие ала-алмауы мүмкін. Жалпы студенттер жалақы алмайтын, зейнетақы қорына аударымдары болмағандықтан несие талаптарына сәйкес келмейтін топтарға жатады. Сондықтан, тұтынушылық, тауарлық несие алу мүмкіндігі жоқ десе де болады.
Ал, білім алуға арналған несие туралы сұрап тұрсаңыз Білім және Ғылым министрлігінің жанында «Қаржы орталығы» АҚ «Халық банкі» АҚ және «Сбербанк» АҚ, Forte bank арқылы білім беруді несиелендіреді. Бұл бойынша ата-ананың қосылқы заемшы болуы талап етілмейді. Яғни әкеңіздің кредиті болғаны, болмағаны маңызды емес. Өйткені қосалқы заемшы болу талап етілмейді. Бұл жердегі кепілдікті «Қаржы орталығы» АҚ алады. Қосымша ақпарат үшін мына жерден қарасаңыз болады http://www.fincenter.kz/kz/obrazovatelnye-kredity/
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына жолдауды сұраймыз.