Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Subaru Қазақстандағы автокөліктерін тексеруден өткізіп жатыр

Subaru Қазақстандағы автокөліктерін тексеруден өткізіп жатыр

Subaru Kazakhstan дистрибьюторы Takata Corp компаниясы шығарған жолаушыларға арналған қарсы алды қауіпсіздік жастықшасымен жабдықталған, 2004-2007 жылдары шығарылған Impreza/WRX автокөліктерін қайтарып алу науқанын бастап кетті. Бұл туралы "Астана Моторс" Қазақстан мотор компаниясына сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Subaru, Fuji Heavy Industries автокөлік өндірушілерінің деректері бойынша, науқан шарттарына Қазақстандағы ресми дилерлер арқылы өткізілген 405 автокөлік сәйкес келіп отыр. Қайтарылып жатқан автокөілктердің иелері үшін бұл науқан аясындағы барлық жұмыстар тегін жүргізіледі. Қайтарып алу науқанының себебі ретінде автокөлікті ұзақ уақыт пайдлану кезінде ылғалдың қауіпсіздік жастықшасының газ генераторына келіп түсу мүмкіндігі аталады. Бұл газ генераторы корпусның бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін және жолаушының қарсы алды қауіпсіздік жастықшасы іске қосылғанда жарақат алу қаупінің ықтималдығы бар. Қазіргі кезде Subaru автокөліктерінде қарсы алды қауіпсіздік жастықшасы іске қосылған кезде осы жастықшаның газ генераторы бұзылуының бір де бір оқиғасы тіркелмеген.

Похожие материалы