Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сұлтанов: Қазақстан-Қытай арасындағы тауар тасымалы тоқтамады

Сұлтанов: Қазақстан-Қытай арасындағы тауар тасымалы тоқтамады

Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанда бірқатар тауар сатушылар Қытаймен шекараның жабылуына байланысты бағаны көтеріп жатыр, деп мәлімдеді сауда және интергация министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, әсіресе азық-түлік бағасын көтере бастаған. Соған байланысты, ол, Қазақстан Қытайдан да, Қытайға да тауарлардың қозғалысын тоқтатпағанын хабарлады.

"Бұл бағаны көтеру үшін осы сылтауды пайдаланатын бизнестің теріс пиғылы ғана", – деді министр.

Сонымен бірге, министр азаматтарды егер мұндай жағдайлардың, сондай-ақ базарлардағы немесе бөлшек сауда орындарындағы бағаның қымбаттауы фактілері болса, сенім телефонына қоңырау шалуға шақырды.

"Сол кезде біз осы жағдайға жедел ден қойып, оны жоя аламыз. Баға мониторингі мен электрондық сауданы дамыту үшін жұртшылықты тарту қажет", – деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, Сұлтанов бағаны төмендету үшін атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. 2019 жылдың желтоқсанында Қарағандыда PRICE SCANNER баға мониторингі үшін мобильді қосымша іске қосылды. Бағалар туралы барлық деректер азаматтардан алынған ақпаратқа негізделген.

"Электрондық сауда алаңдарын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, бүгінде "Оңай Базар", Happy food Astana сияқты алаңдар құрылған, олар өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, дүкендердегі картоптың бөлшек сауда бағасы 100-ден 150 теңгеге дейін, ал электронды платформалардағы баға сатып алушының есігіне жеткізілгенде шамамен 75 теңгені құрайды », - деп түйіндеді ведомство басшысы.

Похожие материалы