Экономика
IT, Технология
Swatch мобильдік төлем жүргізу мүмкіндігіне ие сағаттардың жаңа моделін таныстырмақ
Әлемдегі ең ірі сағат жасаушы компаниялардың бірі, Швейцариялық Swatch Group AG 2015 жылдың шілде немесе тамыз айларында мобильдік төлем жүргізу мүмкіндігіне ие сағаттардың жаңа моделін таныстырмақ.
Swatch New Gent модельді сағаттарында сымсыз жоғары жиіліктегі NFC (Near Field Communication) байланысы болады. Ол кіші радиусты, 3-5 см-ге дейін әрекет етеді. Бұл байланыс ұялы телефондар, смарт-карталар, төлем терминалдары және өзге де құрылғылар арқылы мәлімет алмасуға қабілетті.
Swatch директоры қызметін атқарушы Николас Хайектің айтуынша, жаңа модельдің бағасы шамамен 5 швейцариялық франк (5,49 доллар) болады. Swatch Gent-тің әдеттегі моделінің бағасы болса, одан төменірек - 70 франктан басталады.
Swatch-тың мобильдік төлем жүргізу қызметі қосылған сағаттары Apple Watch-қа арзан бәсекелес болады. Олардың бағасы - 349 доллардан басталады.
Өзге де сағат жасаушылар өз өнімдеріне электронды қызметтерді қосуды жоспарлап отыр. Мәселен, Cie. Financiere Richemont SA компаниясы 350 еуроға Montblanc брендімен "ақылды" сағаттар шығаруды, LVMH Moet Hennessy Louis Vuitton SE бағасы 1400 доллар болатын AG Heuer брендімен осы жылы жаңа жеке құрылғысын таныстыруды жоспарлауда.
Swatch-тың Certina, Tissot және Longines атты танымал брендтері бар.