Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Т.Әлжанов: Мен мемлекетіміздің заңнамалық саясатына наразымын

Т.Әлжанов: Мен мемлекетіміздің заңнамалық саясатына наразымын

"Менің Қазақстанның реттеуішіне деген сенімім жоқ", - деп мәлімдеді "Мұнай сақтандыру компаниясы" директорлар кеңесінің төрағасы Тілек Әлжанов.

"Мен салымшы едім, енді менің біздің реттеуішімізге сенімім жоқ. Девальвация тұрғысында мен реттеуіштен ары қарайғы әрекет күтемін. Мүмкін, валюталық бақылауды қатаңдату қажет", - деп атап өтті Тілек Әлжанов. Сақтандырушының атап өтуінше, девальвация сақтандыру компаниялардың да кәсібіне зиын келтірген. "Сақтандырушы компанияның басшысы ретінде, мен мемлекетке сеніп, капиталымының жартысын теңгеде ұстадым. Нәтижесінде мен 30-35 пайыз көлеміндегі активтан айырылдым", - деді ол. Тілек Әлжанов мемлекеттің заңды саясатына түсінбейтіндігін айтады. "Жаңа экономикалық саясатқа байланысты билік заңды өте тез қабылдайды. Бізде реттеуші ұйымдарға сенімділік жоқ. Кеше Астанадағы менеджерлеріміз заң бойынша салыстырмалы кестені көрсетті. Қазір мемлекет оны қабылдауға асығып отыр, бірақ біз ол өзгерістерге келіспейміз. Олар нарық қатысушыларынсыз, жұмыс топтарында талқылады. Дүйсенбі күні біз парламент пен Ұлттық банкке үкіметтің әрекетімен келіспейтіндігіміз туралы хат дайындаймыз", - деді сақтандырушы.
Оның айтуынша, үкіметке консультация беретін батыстық компаниялар тиімсіз жұмыс істейді. "Аталған форумда аудиторлық компаниялар да баяндама жасады. Бірақ біз олардың жұмысынан нәтиже көріп отырғанымыз жоқ. Біз Астанаға жиі ұшамыз. Мен бірде Нью-Йорктан Лос-Анджелеске 40 долларға ұштым. Ал Алматыдан Астанаға 40 долларға ұша алмайсыз. Үкіметке кеңес беріп отырған мемлекеттік компаниялар мемлекеттік ақшаны жұмсап отыр, бірақ бұл әуебилетінің құнына ешқандай әсер етпейді", - деп есептейді Тілек Әлжанов.

Похожие материалы