Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – 2018 жылы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Мемлекет басшысының бастамасы бойынша ипотеканы одан әрі дамыту және төлем қабілеті бар халықты қолдау мақсатында «7-20-25» жаңа ипотекалық несиелендіру бағдарламасы енгізілді. Құрылыс саласында 2018 жылы 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді немесе 103 мыңнан астам баспананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Еліміз бойынша 49 667 баспана пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532 жеке үй бар.
«2018 жылы тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция салынды. 2017 жылғыдан 28,4% жоғары. Төмен пайызды ипотека жаңа құрылыстан баспана алуға беріледі. Ұлттық банктің дерегі бойынша биыл 4 шілдеден бастап кредиттік комиссияның қарауына өтініштер түсе бастады. Бүгінгі күні 148 өтініш жолданып, 1,1 млрд. теңге болатын 95 ипотекалық кредит мақұлданды», - деді министр.