Экономика
Түркия босқындар үшін 7,6 млрд доллар жұмсады
Түрік билігі Сириядан келген 2,2 млн босқынға гуманитарлық көмек үшін 7,6 млрд доллар жұмсады. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында Түркияның вице-премьері Нуман Куртулмуш мәлімдеді.
Оның сөзінше, Түркия аумағындағы судан 53 228 мың адам құтқарылған, бірақ 274 адам қайтыс болды. Осыған дейін 2015 жылдың маусымында БҰҰ босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Антониу Гутерреш Түркия әлемдегі ең көп босқындарды қабылдаушы мемлекет деп атаған еді. Ел аумағында қашқындарға арналған 20-дан астам лагерь құрылып үлгерді.