Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332,95 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,73 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,12, сауданың аяқталуы кезінде 332,85 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 57 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 159. Ақша айырбастау орындарында 5 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 334,50 теңгені құраған.