Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 332 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 332 теңге

Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 332 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,65 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,17, сауданың аяқталуы кезінде 332,06 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 123 млн 450 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 213. Ақша айырбастау орындарында 29 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 336 теңгені құраған.

Похожие материалы