Алматы. 9 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 9 қарашадағы доллардың орташа бағамы 333,01 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,50, сауданың аяқталуы кезінде 332,98 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 39 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 129. Ақша айырбастау орындарында 9 қарашадағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 335,20 теңгені құраған.