Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 333,23 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 333,23 теңге

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 333,23 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,10 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,30, сауданың аяқталуы кезінде 333,10 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 46 млн 400 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 133. Ақша айырбастау орындарында 6 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 335 теңгені құраған.

Похожие материалы