Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар курсы 339,31 теңгені құрады

Таңғы сессияда доллар курсы 339,31 теңгені құрады

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 31 тамыздағы  доллардың орташа бағамы 339,91 теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан  қор  биржасының  (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 339,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 340,05 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 340,02 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі  57 млн 600 мың доллар. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 122.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Ақша айырбастау орындарында 31 тамызда доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 340,7 теңгені құрады.

Похожие материалы