Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Табаған" банкрот болуы мүмкін

"Табаған" банкрот болуы мүмкін

Бұл туралы 2017 жылы өтетін Қысқы университет ойындарына дайындық кезінде белгілі болды. ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті Қайрат Закирьянов "Караван" газетіне берген сұхбатында Қазақстанның медальдан үміт ете алатын спорт түрі - шаңғы фристайлын өткізетін де жер жоқ деп мәлімдеді.

"Табаған" шаңғы базасы банкрот. Оны қалыпқа келтіру үшін 2,8 миллиард теңге керек" - дейді Қайрат Закирьянов. "Табаған" Алматы шетіндегі Бесқайнар (бұрынғы Горный садовод) ауылының маңында орналасқан. Ол шамамен он жыл бұрын салынған, жаңа курорт ретінде саналады. 2011 жылы Қысқы Азия ойындары өткен болатын . "Табағанның" жабылатыны жайлы қауесет 2013 жылдың соңында тараған. База батпақтанып кетті, сервис нашарлады, тәжірибелі қызметкерлер " Лесная сказка" және басқа да жерлерге жұмысқа кетті делінген еді., ол кезде. Кешеннің tabagan.kz сайты да 2013 жылдың көктемінен бері жаңартылмаған.  Алайда, әупріммен күн кешсе де "Табаған" кешені соңғы 2 жыл бойы жұмысын тоқтатқан жоқ. Биылғы қысқы маусымда  кешеннің қызмет ұсынатын-ұсынбайтыны әзірге белгісіз.

Похожие материалы