Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Талдықорған қаласының әкімі ауысты

Талдықорған қаласының әкімі ауысты

Талдықорған қаласының әкімі болып Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған әкімді Талдықорған қаласы активіне бүгін облыс әкімі Амандық Баталов таныстырды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Талдықорған қаласын басқарған Ермек Алпысов алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істемек. Талдықорған қаласының жаңа әкімі Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев 1964 жылы туған. Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – қатынас жолдар инженер-механигі және мемлекеттік басқару бакалавры. Еңбек жолын Талдықорған облысының Андреев ауданындағы кәсіптік-техникалық училищесінің мұғалімі болып бастады. Кейін осы училищеде директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары, директоры, «Алакөл Агро» және «Қайыңды» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Алакөл ауданының әкімі, Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылдан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келген еді.

Похожие материалы