Чэнду. 14 қыркүйек. 7kun.kz — Азия әлемдік туризм нарығындағы үлесін 2020 жылы 28 пайызға дейін өсіреді. Бұл туралы БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының бас хатшысы Талеб Рифаи мәлімдеді.
«Азиядағы туризм әлемдік орташа көрсеткіштен 3-4 пайыздық тармаққа жоғары қарқынмен дамып келеді», - деді Талеб Рифай ДСҰ бас Ассамблеясының 22 сессиясында. Еуропаның үлесі 50-52 пайызды құраса, Азия әлемдік туризм нарығының 20 пайыздан кем емес көлемін алып отыр.
Талеб Рифаи әлемдік туризмді одан әрі дамытуда 3 негізгі мәселе кедергі келтіретінін айтады. Ол мәселелер форумда талқылануы тиіс негізгі тақырыптар болады.
"Атап айтқанда, біріншісі - тұрақтылық мәселесі. Туризм индустриясының дамуы тек тұрақтылық сипатта болса, адам өміріне және жұмысына пайдалы болуы мүмкін. Екіншісі - технология мәселесі. Жаңа технологияларды тиімді қолдану қажет екені айдан анық. Ең алдымен оған дәстүрлі туризм бейімделуі керек. Сонымен қатар ең маңыздысы – қауіпсіздік», - дейді ол.
Дүниежүзілік туризм ұйымы мәліметтері бойынша (ДСҰ), 2030 жылға қарай әлемдегі туристер саны 1,8 миллиардтан асады. Әлемдік нарықта Қытай ең жылдам дамып келе жатқан ел болып саналады. Сондай-ақ туризм саласын дамытуда Қытай маңызды рөл атқарады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік туризм ұйымының 22 сессиясына 130-дан астам елдің мыңнан астам өкілі қатысады. Аталған іс-шара 11-16 қыркүйек аралығында Чэнду қаласында өтеді.
Айгүл Хожантаева