Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Тальго» билеттерін көктемде жеңілдікпен алуға болады

«Тальго» билеттерін көктемде жеңілдікпен алуға болады

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап көктемгі қосымша жеңілдіктерді енгізетіні туралы хабарлайды.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлағанындай, жеңілдіктер «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының вагондар класына болады. №701/702 «Астана-Алматы» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15 пайыз, №703/704 «Алматы-Петропавл» пойызының «Гранд» және «Турист» класты вагондарына – 15 пайыз, №709/710 «Астана-Шымкент» пойызының «Турист» класты вагондарына – 20 пайыз, №89/90 «Астана-Қызылорда» пойызының «Турист» класты вагондарына – 20 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, осы пойыздарда динамикалық тарифтерді басқару бағдарламасы жұмыс істейді. Онда билеттің бағасы сатып алған күнге байланысты өзгереді. Билетті алдын ала сатып алатын жолаушы 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Бірақ, пойыздың кету күні жақындаған сайын билет бағасы қымбаттайды.

Осылайша көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, 1 сәуірден бастап билетті алдын ала сатып алған жолаушыға 50 пайыздан артық жеңілдіктер ұсынылып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы