Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,90 теңгені құрады. 27 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (387,44 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,46 теңгеге құнсызданды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 388,5 теңге, Алматыда – 389,5 теңге болды.
Ұлттық банктің 30 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 387,63 теңгені құрайды.