Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 380,3 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 380,3 теңге

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 380,38 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,60 теңге/$1) ұлттық валюта 0,78 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 380,15 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,57 теңге, жабылу курсы бір долларға 380,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 37 млн 366 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 106.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381,5 теңге, Алматыда – 382,5 теңге.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,85 теңгені құрайды.

Похожие материалы