Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 384,58 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар үшін – 384,58 теңге

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 384,58 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (384,06 теңге/$1) ұлттық валюта 0,52 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 384,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,75 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,55 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 86 млн 150 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 206.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 386,6 теңге, Алматыда – 387,3 теңге.

Ұлттық Банктің 13 маусымдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,13 теңгені құрайды.

Похожие материалы