Алматы. 18 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 363,65 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (363,60 теңге / $1) ұлттық валюта 0,05 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 362,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 365,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 364,70 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 27 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 64.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 367 теңге, Алматыда – 367,5 теңге.