Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессияда доллар 376,28 теңгеден сатылды

Таңғы сессияда доллар 376,28 теңгеден сатылды

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 376,28 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,49 теңге/$1) ұлттық валюта 0,79 теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 375,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,65 теңге, жабылу курсы бір долларға 376,55 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 71 млн 230 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 152.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 378 теңге, Алматыда – 379 теңге.

Ұлттық Банктің 19 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,9 теңгені құрайды.

Похожие материалы